Жемқорлық бойынша әкім орынбасары тергеліп жатқан Іледе жаңа орынбасар тағайындалды

Dalanews 29 қаң. 2026 10:00

Жуырда ғана орынбасары Қуат Ақшабаев ҰҚК тарапынан ұсталып, тергеуге алынған Іле ауданының әкімі Жақсымбет Қайыржанов жаңа орынбасар тағайындап үлгерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімнің бұрынғы орынбасарының қамауға алынғаны ресми түрде расталған. Алматы іргесіндегі ең ірі әрі қаржысы мол аудандардың бірі саналатын Іле ауданындағы бұл оқиға қоғам назарын бірден өзіне аударды. Сондықтан мұндағы кез келген кадрлық өзгеріс пен жемқорлық дерегі кең резонанс тудырып отыр.

Қуат Ақшабаев ұсталғаннан кейін көп ұзамай аудан әкімі жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл туралы ауданның ресми парақшасында хабарланған. Жаңа лауазымға бұған дейін Іле ауданы әкімдігінің аппарат басшысы болған Асқар Садықов тағайындалды.

40 жастағы Асқар Жұмаханұлы — Іле ауданының тумасы. Ол 2008 жылдан бері аудан әкімдігі жүйесінде түрлі қызмет атқарып келген.

Ал қоғамда әкімнің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевтың ісі сотта дәлелденсе, аудан әкімі Жақсымбет Қайыржановтың өзі де жауапкершілікке тартыла ма деген сауал жиі айтыла бастады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove