Шымкентте білім беру саласында екі мыңға жуық жасырын вакансия анықталды

Көркем Алдабергенова 29 қаң. 2026 10:07

Шымкентте білім беру саласында екі мыңға жуық жасырын вакансия анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімдігі жүргізген тексеріс нәтижесінде білім беру ұйымдарында бұрын жарияланбаған шамамен 2000 бос жұмыс орны белгілі болды. Мониторинг барысында бірқатар педагогтердің жұмыс жүктемесі белгіленген нормадан едәуір асып кеткені анықталған.

Тексеру кезінде кейбір мұғалімдердің аптасына 40, 50, тіпті 60–75 сағатқа дейін сабақ бергені белгілі болды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Анықталған деректер негізінде еңбек нарығында 2000-нан астам жаңа вакансия қалыптасып отыр. Аталған бос орындарды толықтыру мақсатында арнайы жұмыс жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove