Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осылайша жауын-шашын жаумайды. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде ғана жаңбыр мен қар жауады. Бұл өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.
31 қаңтарда Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Республиканың барлық аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 31 қаңтарда күндіз батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде -5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта -2°С-тан -10°С-қа дейін жетеді", - деді синоптиктер.
