Қылмыстық заңнама мәселесі қаралды

Dalanews 23 қар. 2017 14:39 714

Күні кеше Бурабайда «Қазақстандағы қыл­мыс­тық процесті жаңғырту: үдерістері мен келешегі» та­қы­рыбында халықаралық кон­­фе­ренция өтті. Жиында қылмыс­тық про­цесті жаңғырту мәсе­лелері тал­қы­ланды. Іс-шараны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасы Прези­денті Әкімшілігінің,  Пар­ламент Мә­жі­лісінің, Бас прокуратура мен Жоғарғы соттың қолдауы­мен Еуро­палық Одақтың «Қазақ­стан­дағы қыл­мыстық сот төре­лігін жетілдіру» жо­басы мен Еуропа Кеңесі бірлесіп ұйым­дастырған.

Форумға Президент Әкім­шілігі басшысының орын­басары Талғат Донақов, Конс­титуциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас прокурор Жақып Асанов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьерд Сабо бастаған топ өкілдері қатысып, қылмыстық сот төрелігі туралы жан-жақты талқы жүргізді. Сондай-ақ кон­ференцияға қатысушылар арасында Парламент депутаттары, Жоғарғы сот судьялары, мүдделі мемлекеттік ор­гандардың бірқатар басшылары мен ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың өкілдері де қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Конференцияның ашылу рә­сі­­мін­дегі құттықтау сөзінде Қай­рат Мәми 2014 жылы жаңа ко­декс­терді қабыл­дау нәтижесінде заңна­ма­ның жаза­лау­шылық сипаты азайып, азаматтар­дың құқықтарын тиімді қорғауды қам­тамасыз етуге бағыт­тал­ған отандық қыл­мыстық заңнаманы қалып­тасты­рудың жаңа кезеңі басталғанын, азаматтарды жазалауды емес, қорғауды мақсат тұту көзделіп отырғанын жеткізді.
Оның пікірінше, тергеу судьясы, сотқа дейін­гі же­дел­детілген тергеу, сот төрелігімен мәмі­леге келу, про­цестік прокурор секілді жаңа институттар өз өміршеңдігін дәлелдеді. 2016 жылы қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу арқылы қаралған істер саны 14 пайызға, қысқартылған тәртіпте қаралған істер екі есеге артқан. Ол мұның өзі жағымды көрсеткіш екенін айта кетті.
«Осы ретте тәжірибе қо­ғам­ның заманауи сұранысы мен халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту қажеттігін көрсетті», деді Қ.Мәми.
Өз сөзінде Қ.Мәми жаңа заң жо­басының маңызды жаңалықтарына тоқталып өтті. Солардың қатар­ында адамды ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін, ал кәмелетке толма­ғандарды ұстауды 24 сағатқа дейін қысқарту қарастырылған. Бұған қоса, сот бақылауы инс­титутын жетіл­діру, соның ішінде құпия тергеу әрекет­теріне судьяның санкциялау құзыретін кеңейту қарастырылуда. Қорғау мен өкіл­дік ету функцияларын жүзеге асы­рудағы адвокаттың мүмкіндіктері артып, қылмыстық теріс қылықтар бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу қолданысқа енгізілетін болады.
Барлық жаңашылдықтар халық­аралық озық стандарттарға, соның ішінде ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне толығымен сәйкес келеді. Қайрат Мәмидің пікірінше, Заң жобасының қабыл­дануы адам­ның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең басты конс­ти­туциялық құндылық деп бекітілген  Қазақстанның одан әрі кезең-кезеңімен құқықтық тұрғыдан дамуына зор серпін береді.
Жоғарғы сот төрағасы сөзінің соңында осы форум Қылмыстық про­цестік кодексті одан әрі жетілдіру бо­йын­ша барлық шараларды тағы бір мәрте жан-жақты әрі кәсіби негізде қарау­ға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Әділет министрі М.Бекетаев пен Бас про­ку­рордың орынбасары М.Ахметжа­нов жаңа заң жобасының негізгі қағидаттары туралы баяндама жасап, заң жобасының іске асу тетіктерін талқыға салды.

Бұған қоса, Болгария конституциялық сотының судьясы Румен Менков, Кеплер атындағы Линц университетінің (Аустрия) құқық профессоры Штефан Шуман, Дүниежүзілік банктің сарап­шысы Георгий Папуашвили, Ни­дер­ланд апелляциялық соты­ның судьясы, қылмыстық құқық профессоры Ян Райнтиш сөз сөйледі. Олар қылмыстық про­цесті жаңғыртудың шетелдік тәжірибесі, соның ішінде Еуроодақ елдерінде жүргізілген рефор­малар, сондай-ақ Қазақ­станда іске асырылып жатқан осы бағыттағы тәсілдер туралы өз ойларымен бөлісті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар