Премьер-Министр "Нұр әлемді" аралады

Dalanews 16 қар. 2017 14:42 728

ҚР Премьер-министрі  Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас ғимараты болған "Нұр Әлем" сферасын аралады.
Қайта ашылу құрметіне орай, Астана тұрғындары мен қала қонақтары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.
А.Есімов Премьер-Министрге ЭКСПО-2017 аумағының алдағы жоспары туралы баяндады.
«Нұр әлем» ғимараты мен тақырыптық павильондар энергия музейі ретінде жұмыстарын жалғастырады. Ал «EXPO 2017» аумағындағы өзге ғимараттар «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне беріледі.
Бастапқы жоспар бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, «Нұр Әлем», Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды ЭКСПО-ның төрт нысаны туристік орын ретінде қайта ашылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар