Каспий түбімен тартылған интернет кабелі қазанда іске қосылады

Каспий түбімен тартылған интернет кабелі қазанда іске қосылады
Alibaba

Каспий теңізінің түбімен тартылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі қазан айында іске қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі аясында Әзербайжанның Сумғайыт қаласы жағалауынан Ақтау жағалауына дейін Каспий теңізінің түбімен 390 шақырым кабель тартылған.

«Транскаспий ВОЛС бойынша Әзербайжанның Сумғайыт жағалауынан Ақтау жағалауына дейін 390 шақырым кабель тартылды. Іске қосу осы айға жоспарланған», – деді Жаслан Мәдиев.

Транскаспий ВОЛС жобасы 2019 жылы басталған. Бастапқыда оны 2021 жылға дейін аяқтау жоспарланғанымен, жоба мерзімі кейін бірнеше рет кейінге шегерілген.