Қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады?

Қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады?
ашық дереккөз

Бүгін қай өңірлерде күн бұзылатыны белгілі болды. "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

6 қазанда Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.

"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деп жазылған хабарламада.