Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Никита Удалов Instagram парақшасында анасына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әскери борышын аяқтап, үйіне оралған сарбаз анасымен қауышқан сәтіне байланысты қысқа жазба қалдырған.
"Ана – кез келген жағдайда сенің қасыңнан әрдайым табылатын жан", – деп жазды Никита Удалов Instagram парақшасында.
Никита Удалов Ақтаудағы №29011 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Ол Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаздың бірі.
Бұған дейін оның әскери борышын аяқтап, туған жеріне оралғаны хабарланған болатын.