Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма? Жұманғарин жауап берді

Қаракөз Амантай 19 қар. 2025 17:49

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр мерекелік кезең салыстырмалы түрде тыныш өтті, биыл да солай болады деп үміттенеміз. Стандартты баға өсімі болуы мүмкін, бірақ күрт қымбаттау болмайды", – деді Жұманғарин.

Вице-премьер үкіметтің бағаны қатал реттемегенін, фермерлерге пайда табуға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

"Азық-түлік бағасын қатты тежемедік. Шаруаларға табыс табуға мүмкіндік бердік. Дегенмен кейбір тауарлардың бағасы тұрақты өсіп отырады", - деді ол.

Сонымен қатар Жұманғарин кейбір өнімдер бойынша бағаның жасанды түрде өсу қаупі бар екенін айтып, үкіметке тауар топтары бойынша бағаның қалыптасу механизмін талдау тапсырылды.

"Егер нарықта жасанды баға өсуі байқалса, бағаны қатаң реттейміз. Спекулянттардың пайда табуына жол бере алмаймыз", – деп түйіндеді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар