NASA әлем назарын өзіне аударған ғарыш нысанын тікелей эфирде көрсетпекші

Асель Қайратқызы 19 қар. 2025 14:33

3I/ATLAS кометасы – астрономдар бақылай бастағаннан бері ашқан үшінші жұлдызаралық аспан денесі, деп хабарлайды Dalanews.kz. ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) 19 қарашада өтетін ашық баспасөз конференциясында 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасының жаңа фотосуреттерін тікелей эфирде көрсетеді.

NASA 19 қараша, сәрсенбі күні, Шығыс уақыты бойынша сағат 15:00-де тікелей эфир өткізеді, онда агенттік миссиялары барысында жиналған 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасының суреттерімен бөліседі, - деп мәлімдеді ресми сайтта.

Астана уақыты бойынша тікелей эфир 20 қарашада түнгі 01:00-де басталады.

Астрономдардың болжауы бойынша, бұл нысан Күн жүйесіне жатпайды, ол басқа жұлдыз жүйелерінен келген және астрономдар байқаған тарихтағы үшінші жұлдызаралық нысан саналады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар