Жел күшейіп, тұман түседі: 19 қарашада ауа райы қандай болады?

Қаракөз Амантай 19 қар. 2025 07:58

Қазгидромет 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында да тұман түспек. Көкшетауда 19 қараша күні түнде және таңертең тұман сақталады.

Астанада да осы күні түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанып отыр.

Қарағанды облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында да тұман болжанады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында да туман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда 19 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі.

Абай облысында шығыс және оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығысаң өңірде шығыс бағыттан соққан желдің екпіні 15–18 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болжанады. Облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Оралда 19 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Алматы облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыса соғады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар