Түркістан облысындағы өрттің алдын ала себебі аталды

Көркем Алдабергенова 19 қар. 2025 17:14

Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде шыққан өрттің алдын ала себебі - тұрмыстық электр құрылғылары қосылған желілік сүзгінің (сетевой фильтр) істен шығуы болуы мүмкін,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дегенмен нақты қорытынды барлық сараптамалар мен тергеу аяқталғаннан кейін ғана жарияланады.

Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабековтың айтуынша, өрт туралы хабар ертемен түскен. Оқиға орнына жедел түрде жеке құрамның 8 қызметкері мен екі техника аттанған.

"Қазір оқиға орнында облыстық ТЖД-ның өрт-техникалық зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құрылғылары қосылған желілік сүзгінің ақауы себеп болуы мүмкін. Алайда зертхананың қорытындысы әлі дайын емес. Қазіргі уақытта өрт фактісі бойынша тексеріс тағайындалды, қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Өрттің нақты себебі анықталған соң қосымша мәлімет беріледі", - деді Жасұлан Айнабеков Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, кеше жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, тоғызы - балалар.

Мәліметке сүйенсек, өрттен қаза тапқан марқұмдар - бір әулеттің мүшелері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар