2026 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі қандай болады?

Қаракөз Амантай 19 қар. 2025 14:25

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2026 жылы Қазақстандағы инфляция 11% деңгейінде сақталатынын болжады. Бұл туралы Қазақстан бойынша ХВҚ комиссиясының жетекшісі Әли Аль-Эйд мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз инфляция осы жылдың соңына қарай қазіргі шамада шамамен 13% деңгейінде қалатынын, ал 2026 жылдың соңына қарай аздап төмендеп, 11% шамасына дейін түсетінін болжап отырмыз", — деді Али Аль-Эйд.

ХВҚ өкілінің айтуынша, инфляциялық қысым бірнеше факторға байланысты туындап отыр. Олардың қатарында ішкі сұраныстың жоғары болуы, импортталатын тауарлардың қымбаттауы, коммуналдық тарифтердің өсуі сияқты уақытша әсерлер, сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған салық реформалары бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар