"Азаматтарымыз кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр" - депутат

Сағыныш Сардарова 19 қар. 2025 14:11

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы заңды түрде жұмыс істеп жатқан азаматтар уақытында жалақысын ала алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл мәселені ол бүгін Мәжіліс отырысында көтерді.

"Жұмыс берушілер уақытында төлемейді. Салдарынан азаматтар несиесін уақытында жаба алмайды. Супермаркеттерде азаматтарымыз кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр екенін көреміз", - деді ол.

Депутаттың сауалына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап қатты. 

Шенеуніктің сөзіне сенсек, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесі қаралып жатыр. Десе де "Атамекен" палатасы секілді бірқатар тарап айыппұлды көтеруге қарсы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар