Қазақстанда "ГПХ"-ға тыйым салу ұсынылып отыр

Сағыныш Сардарова 19 қар. 2025 15:50

Мәжіліс қауіпсіз еңбек жағдайын күшейту және жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еңбек кодексіне және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске өзгерістер енгізіледі.

Басты түзету - еңбектің айқын белгілері болған жағдайда азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартты (ГПХ) қолдануға тыйым салу. Қазір көптеген жұмысшы "ГПХ" арқылы рәсімделіп, еңбек демалысы, аурухана парағы және басқа да әлеуметтік кепілдіктерден айырылып отыр.

Егер жұмыс беруші қызметкерді "ГПХ" арқылы рәсімдеп, бірақ оның жұмысында еңбек шартының белгілері анықталса, онда ол құжатты еңбек шартына қайта рәсімдеуге міндеттеледі.

Еңбек министрлігінің дерегінше, еңбек шартының негізгі үш белгісі бар:

  1. қызметкердің біліктілік немесе мамандық бойынша нақты функция орындауы;

  2. жұмысты басшылықтың талаптарына сай, жеке орындауы;

  3. еңбекақы алуы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар