“Бұл әрекет үшін 12 жыл сотталасың!” - жаңа заң қабылданады

Асель Қайратқызы 19 қар. 2025 15:24

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейеді. Журналистерге бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов толық ақпарат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аймағамбетовтың айтуынша, тиісті заң жобасын депутаттар қарастырып жатыр.

“Қазір қолданыстағы норма бойынша – егер Қылмыстық Кодекс нормаларын жалпы қарастырсақ, жеңіл зиян келтіру немесе ұрып-соғу үшін 25 немесе 50 тәулік қарастырылған. Айыппұлға келсек, шамамен 200 АЕК (2025 жылы – 786 400 теңге). Енді субъект ретінде медицина қызметкері саналатын болса – бұл дәрігер, медбике, санитарка, тіпті, жедел жәрдем жүргізушісі – оларға қатысты осындай құқықбұзушылық жасалса, жаза 3 жылға дейін, 1000 АЕК-ке дейін (2025 жылы – 3,9 миллион теңге), 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар болуы мүмкін”, – деді депутат Мәжілістегі брифингте.

“Ақыры 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бір жағынан, бұл - қатаң жаза, екінші жағынан, менің ойымша, дәрігерлерімізді қорғауға мүмкіндік беретін әділ түзетулер. Өйткені бүгінде көптеген медицина қызметкерлері қабылдау бөлімінде жұмыс істеуден қорқатынын көріп отырмыз”, – деді Аймағамбетов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар