Қазақстан Қашаған жобасынан 138 миллиард доллар жоғалттық деп есептейді. Ол сома қайдан шықты?

Сағыныш Сардарова 25 сәу. 2024 10:24 3474

@NRG_monitor есебінше, Қашағанда ашылғалы бері өндірілген мұнай көлемі 105 миллион тоннаны құрайды. Бұл ақшалай есептегенде 65 миллиард доллар болады (барреліне $85 бағамен).

Ал Қазақстан неге инвесторлардан 138 миллиард доллар талап етуде?

2008 жылы Қашаған бойынша Өнімді бөлу келісіміне (СРП) өзгерістер енгізіліп, сол жылы Қашағанды ​​игеру жоспары мен бюджетіне түзетулер бекітілді. Онда болжамдық шығындар 57 миллиард доллардан 136 миллиард долларға дейін өсіп, өндірістік кесте 2008 жылдан 2010 жылға жылжытылды.

Оның есесіне жобадағы Қазмұнайгаз үлесі 8,33-тен 16,81%-ға өсті, сондай-ақ республика пайдасына қосымша ақшалай төлемдер (роялти) қосылды. Олар мұнай бағасына байланысты 3,5%-12,5% аралығында төленуі тиіс еді. Мұнай бағасы 85 доллар/баррель болып тұрғанда бізге келуі тиіс өтемақы сомасы 71 миллиард долларға бағаланды.

Ең бастысы, кезінде инвесторлар Қашағандағы мұнайды кезең-кезеңімен игеруге және өндіруді арттыруға уәде берген еді. Мұнай неғұрлым көп болса, республиканың үлесі соғұрлым тезірек төленеді. Демек, Қазақстан инвесторлардың Қашағанды ​​игеруді жылдан-жылға кейінге қалдыруынан үлкен сома жоғалтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар