Қашықтан білім беру – карантин кезінде өзектілігін көрсетті

Dalanews 16 мау. 2020 07:59 891

Редакциядан: Карантин кезінде қашықтан білім берудің адам өмірінде маңызы артқаны анық. Тіпті бұл сала тұтастай бизнеске айналып келеді десек болады. Осы ретте Dalanews.kz ақпарат агенттгі мен Орталық Азияның Еуразия қоры «Qolda» жобасы аясында карантин кезінде қашықтан білім берудің еліміз үшін мәні мен маңызын түсіндіріп беруді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының білікті маманы Жанар Санхаеваға түсіндіріп беруді өтінген еді. Білікті маман өзі ойын былайша сабақтады.  

 

Жанар САНХАЕВА:

– Қазақстан үшін аса маңызды әрі өзекті болып табылатын адам капиталын дамыту ісі карантин кезінде де өзінің маңызын жойған жоқ.  Бұл бағыттың басымдығы мен өзектілігі коронавирустың таралуының салдарларын айқындады және қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттырудың жаңа тәсілдері мен құралдарын іздеу қажеттілігіне назар аударды.

Соңғы жылдары адами және әлеуметтік капиталдың тақырыбы білім, инновация және тең мүмкіндіктер қағидаттарында қалыптасатын «жаңа экономиканың» маңыздылығын бірнеше рет атап өткен академиялық қауымдастық пен саяси қайраткерлердің жіті назарында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Ұлттық кеңестің отырысында  денсаулық сақтау, білім беру және халықты кәсіби даярлау мәселелерін қозғаған бірқатар бастамалар жайында айтты.

Мемлекет басшысы қызықты мәлімдемелерге сүйеніп, адами капиталдың дамуы және білім беру жүйесінің тиімділігі ерекше орын алатын елдің тұрақты дамуының негізгі факторына айналатынын атап өтті.

Осыған байланысты жаңа білімді, құзыреттілікті және дағдыларды меңгерудің қажетті шарты ретінде білімге әділ және тең қол жеткізуді ұйымдастыру айқындаушы мәнге ие.

Өз кезегінде қазіргі жағдайда қашықтан білім берудің өсіп келе жатқан мәні бар. Соңғы айлардың тәжірибесі көрсеткендей, еліміздегі білім беру жүйесінің осы оқу нысанын қамтамасыз ету үшін тиісті құралдары жоқ екендігі айқындалды.

Атап айтсақ, қашықтан білім беру білімнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кең тараған халықаралық тәжірибе болып табылады. Дәстүрлі және заманауи оқыту технологияларының аралас тәжірибелері Оңтүстік Корея, АҚШ, Сингапур, Финляндия сынды елдерде белсенді қолданылады.


Бұл елдердегі алғашқы қадамдардың бірі электрондық оқулықтардың пайдасына қағаз оқулықтарынан бас тарту болды. Мәселен, Сингапурда Білім министрлігі Singapore student learning space онлайн-платформасына қолдау көрсетуде, ол барлық оқушыларға бастапқы деңгейден жоғары оқу орнына дейінгі білім алушыларға негізгі пәндер бойынша сапалы оқу ресурстарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қашықтан білім беруді дамытудың белсенді кезеңі карантинді енгізу кезеңімен тұспа-тұс келіп, мәжбүрлі шара болғанын мойындауымыз қажет. Алайда қашықтан білім беру қорытындысына назар аударсақ, онда қазақстандықтар арасында электрондық білім берудің қажеттілігі мен өзектілігін көруге болады.

Bilim Media Group негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжеханұлының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта BilimLand онлайн-платформасына 3 миллионнан астам пайдаланушы кіріп, көру саны 75 миллионнан асқан. Үлкен белсенділік YouTube-платформа арнасына 15 миллионнан астам қаралды.


Осы жерден Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік режимді аяқтау қашықтан білім беруді белсенді енгізуді аяқтау үшін себеп болмауы тиіс деген ескертуі әділ болып табылады. Ал оларға қажетті заңнамалық, әдіснамалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау тапсырмасы білім беру саласындағы қазіргі заман шындығы мен жаңа талаптарға жауап береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар