Путин Трамптың жеңіске жетуіне қатысты ойын айтты

Көркем Алдабергенова 08 қар. 2024 10:01 135582

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Путин Трамп ержүрек екенін, оған жасалған шабуыл кезінде өзін ұстауы нағыз батылдық екенін атап өткен. Владимир Путиннің сөзінше, сайлау кезінде Трампқа жан-жақтан қысым жасалған. 

"Ол оңға не солға бұрылуға, артық сөз айтуға қорқатын жағдайға жетті. Өзін ерекше жағдайларға көрсете білді. Осы сәтті пайдаланып, Трампты жеңіске жетуімен құттытағым келеді", - дейді Путин "Валдай" пленарлық отырысында. 

Путин Трампқа телефон шалып құттықтауын ұят санамайтынын, бірақ әзірге хабарласу жоспарында жоғын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Дональд Трамптың билікке келуі Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтқан болатын. 

Мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтың болжамынша, АҚШ "қара алтынды" көбірек өндіре бастайды. Қазіргі уақыттағы өндіріс көлемі тәулігіне 10-11 млн баррелді құрайды. Шикізат импортының көлемі де осындай.

"Бағада қосу-алу тұрғысында аздап өзгеріс болуы мүмкін. Әрине, баға бірден құлдырай жөнеледі деп айта алмаймыз. Алдағы алты айда ол жағы белгілі болып қалады, өйткені өндіріс көлемін арттыру бір мезетте орын алатын нәрсе емес қой", - дейді Байділдинов LS-ке берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Трамптың айтуынсыз-ақ Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге арттыруға ниетті.  

"Араб елдері бұл көлемді кейіннен 3-тен 5 млн баррелге арттырулары мүмкін екенін де айтқан. ОПЕК+ келісімдеріне жүгінетін болсақ, бұл әбден мүмкін. Бірақ олар соңына дейін саудаласып, қандай да бір жаңа талаптарды алға тартатын болады", - дейді сарапшы.

Осы жағынан алғанда, алдағы бір жыл бойында шикізат табысына экономикасы байлаулы Қазақстанға үлкен қауіп жоқ деп айтуға болады.

Сондай-ақ қайтадан АҚШ билігіне келген Дональд Трамп мынандай екі нақты ұсынысты алға тартқнаны:

  1. АҚШ-тағы барлық импортқа 10%, тіпті 20% көлемінде әмбебап тариф енгізу;
  2. қолданыстағы тарифтерге қосымша Қытайдан жететін барлық импортқа 60% , тіпті 100% қосымша тариф енгізу.

Мұндайда америкалықтардың тұтынушылық қабілетінің жыл сайынғы көлемі  46-дан 87 миллиард долларға дейін төмендеуі мүмкін. АҚШ-тың Ұлттық бөлшек сауда федерациясы (NRF) жариялаған зерттеуде осындай  қорытынды жасалады. Зерттеуде енгізілетін мұндай тарифтер АҚШ-та сатылатын тұтыну тауарларының кең ауқымының құнына айтарлықтай әсер ететіні атап көрсетілген.

Зерттеу бұл тарифтердің АҚШ-тағы барлық дерлік үйде кездесетін тұтыну өнімдерінің алты санатына бағытталғанын нақтылайды: киім-кешек, ойыншықтар, жиһаз, тұрмыстық техника, аяқ-киім және саяхаттауға арналған тауарлар.

Нәтижесінде, барлық қарастырылған санаттағы тауарлардың жалпы орташа тарифі 50% - дан аса қымбаттайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар