Форумға қатысушылар атап өткендей, цифрландыру – бұл ең алдымен тұрғындарға арналған. Мәселен, астанада белгілі бір мәселелерді шешу үшін бірқатар smart жобалар жүзеге асырылуда.
Мысалы Smart Astana қолданбасы – мемлекеттік және коммерциялық 70-тен астам сервистер мен қызметтерді көрсету. Ең танымалдардың қатарында – дәрігердің қабылдауына жазылу, оны үйге шақырту, айыппұлдар мен әкімшілік бұзушылықтарды тексеру, дәрігердің рейтингін қарау, еңбекке жарамсыздық парағын және кең таралған анықтамаларды «шынайлығын» тексеру, сондай-ақ «белсенді тұрғын» қызметі бар.
Бұл жерде астаналықтар қала мәселелерін шешуге сауалнамалар мен ұсыныстар арқылы қатысады. Сауалнамаларды толтыра отырып, тұрғындар сыйлыққа алмастырып алуға болатын ұпайлар жинайды. Мұндай сыйлықтардың бірі Smart Astana мобильдік қолданбасында «Атамекен» ҰКП дайындаған сауалнама-скринингін толтырғандар арасында «Астана» - «Manchester United» матчына билеттер болмақ.
Үстімідегі жылдың қаңтар айында Сарыарқа ауданында «Қатысу бюджеті» акциясы іске қосылған болатын. Ол тұрғындарға аудан әкімдігі 500 млн. теңгені неге жұмсауы тиіс деген мәселені анықтау мүмкіндігін берді. Қатысу процесі қарапайым және барынша ашық.
Жоба үшін ауданның басқа тұрғындары дауыс береді, және егер ол ең көп дауыс жинаған болса, әкімдік соны жүзеге асырады. Бұдан басқа, қала ашық деректер порталын (Open Data) дамытып отыр. Ол 8 санаттар (білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қала қызметтері, экология, жаңалықтар мен іс-шаралар) бойынша 20 деректер жиынтығын ұсынады. Егер статистикаға қарайтын болсақ, кіруі жағынан үздік 5-тікке мектептер мен балабақшалар турады ақпарат, ауруханалар мен емханалар туралы ақпарат, 109 қызметіне жүгіну, мәртебе және жауап алу, автобустардың онлайн қозғалысы туралы деректер, сондай-ақ ПИК тізімі кіреді. Сонымен қатар, «Big Data» жобасы да белсенді жүзеге асырылып келеді.
Бұл жасанды интеллект (зияткерлік) негізінде болашақ жағдайларды болжау және үлгілеу үшін үлкен көлемді деректерді басқаратын және талдайтын ақпараттық жүйе. Елордада 100% қазақстандық өнім енгізілген. Бүгінгі күні жүйе 307 бақылау объектілері бойынша 104 дереккөзін біріктіреді. Білімге келетін болсақ, Астана тұрғындары балабақшаға, мектепке немесе колледжге онлайн жазыла алады. Педагогтардың аттестаттаудан өту процесі автоматтандырылған. Барлық білім беру ұйымдары интернет желісіне қосылған. Мектептерде бірегей төлем жүйесі ендіріліп жатыр: бір карта- үш шешім. Бұл асханада ақшасыз есеп айырысу, жол ақысын төлеу және баланың сабаққа келуін қадағалау. Барлық мектептер робототехника бөлмелерімен жабдықталған, 36 мектепте STEM зертханалары ашылған, балабақшалар базасында робототехника негіздерін зерттеу жөніндегі 20 алаң іске қосылған. Бұдан бөлек, елордада тұңғыш рет жеке балабақшаларда инклюзивті мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке балабақшалардағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру айдан әкімдіктерінен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына көшірілді. Орталықтандыру өзіндік қиындықтар туғызды – келу табельдерін және басқа есептілікті өткізу кезінде кезек пайда болады. Осындай мәселелерді шешу үшін келудің электронды табельдері енгізілді. Осылайша, әкімдікте іс-жүзінде адамның өзінің болу қажеттілігін жойылады – мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық есептілік цифрландырылуда.