Бұл жолығы кездесуде тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек пен білім алу мәселелері толғандырғаны мәлім болды.
Кездесуде азаматтар қалада қолөнершілер орталығын ашу мәселесі көтерілді.
Жалпы, үш ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 500-ден астам адамды қабылдаған. Бүгінде азаматтарды қабылдау апта сайын ұйымдастырылады. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктер мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өткізуде. Орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Орталық ашылған сәттен бастап екі ай ішінде мамандар 4,5 мыңнан астам адамды қабылдаған.