Мазасыз заманда Қарулы күштердің әлеуетін көтеруді алдыңғы орынға қою шарт - сарапшы

Dalanews 24 там. 2022 13:17 776

Еліміщ сыртқы қауіп-қатерге тиімді әрекет ете ала ма? Қарулы күш құрылымдарының әлеуетін дамытып, олардың дайындығын арттыруға қауқары жете ме?

Көпті мазалайтын сауалға қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Найзабек Олжабаев жауап берді.

...

Жасыратыны жоқ, Қазақстан ертеден көрші мемлекеттен іргесін аулақ ұстамаған. Бұған тарих парақтары куә. Демек, еліміздің әскери әлеуеті көрші Ресейдің саяси жетекшілігіне тәуелді. Тіпті, отандық әскери қызметкерлердің дені сондағы жоғары оқу орындарында білім алған. Олар өз елінде Қарулы күштерді құру кезінде мұндай мектептің артықшылығын ғана емес, кейде кемшіліктерін де еріксіз қабылдауға мәжбүр.

Ал қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника қандай болуы керек? Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен, оның ішінде қару-жарақ және әскери техникамен жарақтандыру 10 пайыздан төмен.

Әрине, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштеріне тиесілі жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі үлесі қымбатқа түсетіні белгілі. Айта кету керек, әуе қорғанысы күштері (ӘҚҚ) бөлімшелерін жабдықтау да оңай емес.  Әсіресе, авиациялық бөлімшеде техниканы жөндеуге көп қаражат қажет.

Демек, қаржы ресурстарын дұрыс бөлмеудің салдарынан құрлықтағы әскерлер іс жүзінде ештеңесіз қалды. Бронды техникалардың жаңа үлгілеріне бөлінген қаржы көзі жалпы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-дан аз болса, ал     артиллериялық және танкіге қарсы жүйелер, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары ұлттық Қарулы күштер құрылғалы бері жаңартыла қоймаған. Бұл тұрғыда әскери әуе қорғанысы туралы ауыз ашудың өзі артық.

 Қаңтардағы оқиғадан кейін жасалған тұжырымдарға сүйенсек, біз бүгін   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әлеуетін көтеруді алдыңғы орынға қоюымыз керек.


Көрші мемлекеттерден тыныштық кете бастағанда оң өзгерістер енгізіп, нақты шараларды қолға алу маңызды. Оның ішінде күн тәртібіне Қарулы Күштердің ұйымдық-штаттық құрылымын қайта құру, арнайы операциялық күштердің қолбасшылығын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау құжаттарын қайта қарау мәселесі қойылғаны абзал.

Әлем елдерінде болып жатқан қақтығыстар мен кикілжіңдердің өзі сабақ болуы тиіс. Сондықтан кез келген оқиғаны жан-жақты саралап, шешімді қабылдау кезінде асығыстыққа жол бермеген жөн. Ол үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің бүкіл жүйесіне реформа жүргізіп, түбегейлі қайта құру қажет. Дәлірек айтқанда,  Қарулы Күштерді басқару және басқару жүйесінің түр-тұқиянына дейін жаңашыл өзгеріс енгізу керек.

Осы тұрғыда сонау отыз жылдан бері жалғасып келе жатқан Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ойға оралады. Әзірбайжан Таулы Қарабақты қайтарып алуға бел буғанда Түркиядан әуелі не көмек алды? Бұған таң қалуыңыз да мүмкін, бірақ бұл Байрақтар ​​емес, жаңа бизнес-процесстер болды.

Бүгінде Қазақстан да Украинаның соғыс алаңында жұртты тамсантқан Түркияның «Байрақтарын» сатып алуға кіріскелі отыр.


Себебі, армияны жаңа үлгі бойынша қайта құру, ондағы барлық негізгі үдерістерді түбегейлі өзгерту арқылы ғана заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге төтеп бере алатын қарулы күштер құра аламыз. Онсыз қорғаныс саланың әлеуетін көтеру мүмкін емес.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар