Huawei және Орталық Азиядағы цифрлық даму: Digital Bridge 2022 қалай өтті?

Dalanews 29 қыр. 2022 03:42 928

Астанада Digital Bridge 2022 төртінші халықаралық технологиялық форумы жемісті өтті. Мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер және жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Huawei Technologies Kazakhstan мамандары цифрлық технология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналады. Талқылаудың басты мақсаты - заманауи өндірістік процестерді түрлендіру және жаңғырту жолдарын іздеу.


Шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана қаласы әкімдігінің және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен ұйымдастырып отыр. Форумды өткізуге сонымен бірге Huawei Technologies Kazakhstan, Kaspi Bank, Tech Culture, KPMG сынды технологиялық алпауыттар ат салысты.



Биылғы Digital Bridge форумының басты тақырыбы «Central Eurasia as a New Tech Platform - Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде» тұжырымдамасы болды. Еуропа мен Азия арасында дәнекер бола отырып, Қазақстан цифрлық технологияларды енгізу арқылы еуразиялық аймақ үшін жаңа өмір салтын құруда. Онымен бірге, еліміз экономика дамудың түбегейлі жаңа векторына – болашақтың цифрлық экономикасына көшуіге бет алды.

Шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен пленарлық отырыс, экономиканың, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік саланың тұрақты цифрлық даму мүмкіндіктерін талқылауға арналған жоғары деңгейдегі панельдік сессиялар, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер мен Орталық Азия елдерінің технопарктері қатысқан көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2022 жылғы Орталық Азиядағы Интернетті басқару форумы өтті.



Huawei Technologies өткізген «5G on Silk Road» мини-форумы осы айтулы шараның маңызды бөлігі болды деуге келеді. Бұл жерде сала мамандары байланыс саласының цифрлық трансформациясы және Қазақстандағы 5G инфрақұрылымының ең өзекті мәселелерін талқылады. 5G мүмкіндіктерін неғұрлым егжей-тегжейлі көрсету үшін форумда компания ұсынған соңғы буын желілерінің мүмкіндіктерімен таныстыратын көрме алаңы қойылды.

Сондай-ақ форум аясында «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар меморандумдарға қол қойылды.



«Бүгінде Қазақстан Республикасы цифрлық трансформацияның көптеген бағыттары бойынша Еуразиялық аймақтың көшбасшысы болып табылады. Цифрлық экономика жолындағы мемлекеттің белсенді әрекеттері және заманауи АКТ инфрақұрылымын құру ел дамуының жаңа векторларын ашады», - деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй.



«Huawei АКТ технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстандағы инфотелекоммуникациялық қызметтерді цифрлық түрлендіруді қолдау және ел индустриясы үшін жаңа құндылық жасау үшін тәжірибесімен бөлісуге дайын»


Huawei туралы


Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық алпауыты. Телекоммуникация желілеріне, ақпараттық технологияларға, смарт құрылғыларға және бұлттық қызметтерге назар аударған Huawei цифрлық технологияны бизнеске де, түпкі тұтынушыларға да қолжетімді етуге тырысады. Осылайша компания интеллектуалды, мінсіз байланыс әлем құру жолында келеді.

Huawei компаниясының жан-жақты портфолиосындағы өнімдер, шешімдер және қызметтер сенімді және бәсекеге қабілетті. Экожүйелік серіктестермен ашық жұмыс жасай отырып, Huawei өз тұтынушыларының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың коммерциялық әлеуетін құрады.

Huawei жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге орасан қаржы бөледі. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Ол толығымен өз қызметкерлерінің меншігінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар