ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік борыштың өзекті жай-күйі және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндады. Оның деректері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге 21,1%-ды құрап, жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру болып табылады.
Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеуі жалғасуда:
- 2020 жылғы 29,2%-дан
2024 жылы 23,5%-ға дейін.
Осылайша, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген жалпы ішкі өнімге 32% көлеміндегі мемлекеттік борыш лимиті сақталып отыр.
Бұдан басқа, осы жылдың 24 маусымында Қаржы министрлігі 2,5 млрд доллар сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.