Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар лауазымды адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ, жекелеген қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тәртіптік жауапқа тартылды. Жоғары аудиторлық палата биыл қазанда Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қаншалық тиімді пайдаланылып жатқанын тексерді.
Осылайша мына қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапқа тартылды:
- Айыртау ауданының әкімі;
- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары;
- Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары;
- облыс әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;
- облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
- облыс әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
- Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
- Тайынша ауданы әкімдігінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
- Айыртау және Уалиханов аудандары әкімдіктерінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушілері;
- Ақжар ауданы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а.
