Қазақстанда бет-әлпетін тұмшалап жүретіндерге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киімдерге қатысты әкімшілік шаралар енгізіледі.
Алғаш рет анықталған жағдайда азаматқа ескерту жасалады.
"Қоғамдық орындарда адамның жүзін танып-білуге мүмкіндік бермейтін киім үлгілеріне тыйым енгізілді. Алғашқы заңбұзушылық үшін ескерту беріледі, ал қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы 39 320 теңге)", - деді депутат.
Алайда заң қашан күшіне енетіні белгісіз.
