Freedom Inside '26

Темекі үшін 6 рет пышақ сұққан: Ақтөбеде жантүршігерлік кісі өлімі бойынша үкім шықты

Темекі үшін 6 рет пышақ сұққан: Ақтөбеде жантүршігерлік кісі өлімі бойынша үкім шықты
Dalanews.kz коллажы

Ақтөбеде жантүршігерлік кісі өлімі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот мәліметінше, жәбірленуші М. саябақта болған кезде өтіп бара жатқан сотталушы К.-дан темекі сұраған. Сотталушы К. оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған.

"Сол кезде сотталушы К. қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болған", - деп жазылған мәліметте.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілі мен куәнің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнебақылау камерасындағы жазбалармен және де басқа заттай дәлелдермен дәлелденді.  

Алқабилердің кесімімен К. ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.