Freedom Inside '26

Алматыда BMW аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Алматыда BMW аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті
видео кадры

Алматыда BMW аялдамада тұрған адамдарды соғып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға бүгін сағат шамамен 14:00-де Әуэзов ауданында болған. BMW жүргізушісі көлікті басқара алмай, бордюрге соғылған.

Көлік автобус аялдамасындағы екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр, ал оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған.