Freedom Inside '26

Қазақстандықтар кепілсіз несиеден бас тартып жатыр

Қазақстандықтар кепілсіз несиеден бас тартып жатыр
©gov.kz

Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2025 жылдың алғашқы тоғыз айына арналған бөлшек несие нарығына шолу жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың жалпы несиеге берген өтінімдерінің саны өткен жылдағы 4,5% өсіммен салыстырғанда 13,1% төмендеген. Негізгі құлдырау кепілсіз несиелер сегментінде байқалады, яғни мұндағы көрсеткіш 16,4 пайызды құрады.

Сонымен бірге кепілмен берілетін несиелерге сұраныс артып келеді:

  • ипотека – 10,2% өсім,
  • автонесие – 48%,
  • жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін тұтынушылық қарыздар – 54,5%.

Сарапшылардың айтуынша, тұрғындардың қаржы мінез-құлқындағы бұл өзгеріс бірнеше фактордың қосындысымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, қаржылық реттеудің күшеюі және халықтың нақты табысының төмендеуі.