Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін", – делінген құттықтауда.Айта кетейік, Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды жеңді.
Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
