"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларындағы астық экспорты бойынша жоспардың неге бұзылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында жаңа егін науқаны астығын тасымалдаудың нақты көлемі 2,2 млн тонна деңгейінде күтілуде, бұл осы жылдың 8 айындағы тасымалдардың жалпы көлемі жартысынан астамға артық", делінген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы хабарламасында.
Бұл ретте ҚТЖ қыркүйек-қазан айларында 3,6 млн тоннасы экспортқа жөнелтілмек 4,3 млн тонна көлеміндегі астық тасымалына қызмет көрсетуге дайын болғандарын, компания тарапынан тиісті жоспарлар бұрын келісілгенін баса айтады. Алайда, бұл жоспарлар элеваторлар мен астық қабылдау пункттерінің тиеу ресурстарының тозуы, кірме жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі, қолданыстағы элеваторлардың жартысына жуығында жеке локомотивтердің болмауы сияқты бірқатар себептерге байланысты орындалмады."Осы жағдайларды ескере отырып, барлық элеваторлар мен НПӨ-ға тиеу қуаты тәулігіне орта есеппен 600-650 вагонды немесе айына 1-1,2 млн тоннаны құрайды. Өз тарапынан Компания қараша айына 2 млн тоннадан астам тасымалдауды жоспарлауға дайын, оның ішінде экспортқа - 1,7 млн тонна", - дейді ҚТЖ.
Қытай бағытындағы шектеулер қабылдаушы тараптың мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екені де нақтыланады.
"Бұл астықты түсірудің, сынамаларды талдаудың жеткілікті ұзақ рәсімдері, ҚХР кеден қызметінің жұмыс кестесі тек күндізгі уақытта және т.б., соның салдарынан ҚХР-ға астық жүктерін әкетудің ай сайынғы ең жоғары көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрайды. Бұл жүк сапасының сәйкестігі және Қытай жүк алушыларында қолданыстағы лицензиялардың болуы жағдайында ғана. Сонымен қатар, қыркүйек айының басында ҚХР барлық астық жүктерінің бонд аймағына астық қабылдауды тоқтатты, содан кейін астық жүктерін қабылдаудан және қайтарудан бірқатар бас тартулар болды. Нәтижесінде қайтаруға 360 астам вагон жеткізілді", делінген ҚТЖ түсініктемесінде.
ҚТЖ Қазақстан аумағында контейнерлік пойыздардың жиналып қалатынын баса айтады. Контейнерлерде астықты қабылдауды шектеу салдарынан тәулігіне екі құрамнан екі түйіспеге (Алтынкөл және Достық) және кедендік рәсімдер мен жүк талдауларынан өту бойынша уақытша кідірістер болады.
"Бұл инфрақұрылымның бос болмауына әкеледі және басқа бағыттардағы тасымалдауға әсер етеді. Осыған байланысты, жолаушылар мен жүк пойыздарының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету және магистральда құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі уақытта Компания астық жүктерін контейнерлерге тиеуді реттеуге мәжбүр", делінген хабарламада.
Қытай бағытындағы уақытша қиындықтарға қарамастан, жаңа егін науқанының дәні Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарына қайта оралғанын атап өткен жөн: қыркүйек-қазан айларында бұл бағытта астық жеткізілімінің өсуі 1 млн тоннадан астамды немесе өткен жылғы деңгейге 30% құрады (2023 жылы 782 мың тонна).
"Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау жаңартылды - екі айда 2023 жылдың 9 айында 222 мың тоннаға қарағанда 250 мың тоннадан астам жөнелтілді. Ресей Федерациясының порттары арқылы да, Балтық жағалауы арқылы да Еуропалық одақ елдеріне тасымалдау басталды, Түркияның жаңа нарығына тасымалдау қарқыны артып келеді", делінеді ҚТЖ түсініктемесінде.
Айта кетсек, "Диқаншылар Президентке неге алғыс айтты немесе 2025 жылы астық экспортын ұлғайту мүмкін бе" деген мақаламызда 2024 жылы Қазақстанның астық экспорты күрт төмендегені айтылған. Мамандар соның бір салдары ретінде жүк тасымалы саласындағы олқылықтарды атайды.