Қазір 2,7 миллион адам немесе әрбір 8-ші қазақстандық осы жүйеге сеніп, Отбасы банкінде салымдарын жинақтауда. Күн сайын 1 694 адам жаңа депозит ашады.
Отбаса банктің қолдауының арқасында күн сайын орта есеппен 218 бақытты отбасы қоныс тойын тойлайды.
Депозитке қаражат жинау – Отбасы банкінен қолжетімді мөлшерлемемен заем алудың негізгі өлшемшарты болып табылады.
Салымшылардың жинақтары банк жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізі болып табылады. Оның арқасында клиенттер мемлекеттік немесе коммерциялық қаржыландыруды тартпай-ақ, жылына 3,5%-дан 10%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) мөлшерлемемен заем ала алады. Яғни, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде клиенттер өздеріне несие береді.
Бұл жүйедегі заемның негізгі түрі – тұрғын үй заемы болып табылады. Ол еліміздегі ең тиімді мөлшерлемемен – жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) заем алып, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй заемы банк салымшысына баспана сатып алуға қажетті соманың кемінде 50% шотында кемі 3 жыл уақыт аралығында жинақталған жағдайда беріледі.
Қолжетімді несие алудың тағы бір маңызды өлшемшарты – бағалау көрсеткіші. Бұл клиенттің қаржылық тәртібінің көрсеткіші. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым заем мөлшерлемесі төмен болады. Тұрғын үй заемын алу үшін оның ең төменгі деңгейі 16-дан кем болмауы керек.
Бүгінде банктің несие қоржынындағы тұрғын үй заемдарының үлесі 21 пайызға тең. Портфельдің басым бөлігі – аралық заемдардан тұрады. Олар 3 жыл күтуді және қаражат жинауды қаламайтын банк клиенттері арасында сұранысқа ие.
Тұрғын үй құнының 50% қолында болғандықтан, клиенттер бірден аралық заем ала алады, бірақ жоғары мөлшерлемемен – 10% дейін.
Бұл жағдайда клиенттің қаражаты депозитте жинақталмаған, демек, жүйеде жұмыс істемеген болып саналады. Сондықтан, Отбасы банк жинақ мәдениетінің негіздерін нығайту мақсатында өткен жылы аралық заемдар бойынша мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен саралау бойынша жұмыс істей бастады. Аталмыш заем түрін беру енді бағалау көрсеткішіне және жинақтау кезеңіне байланысты. Қазіргі уақытта аралық заемды бағалау көрсеткішінің ең төменгі 2,5 мәнімен алуға болады. Бұл мәнге жету үшін депозиттегі ақша кем дегенде 3 ай бойы жиналуы керек.
2024 жылдың 15 ақпанынан бастап аралық заемды алу үшін бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні 5-ке дейін көтеріледі.
Бұл ретте аралық заем мөлшерлемелері төмендейді және 6%-дан 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 6,2%-дан бастап) болады.
Несие бойынша мөлшерлеме көлемі депозит бойынша жинақтау мерзіміне және бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты болады. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын заем мөлшерлемесі төмен болады.
Бағалау көрсеткіші |
6,66 - 7,48 | 5,83 - 6,65 | 5 - 5,82 |
Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі | 6%-7,5% | 6,5% -8% |
7%-8,5% |
Бағалау көрсеткішінің 5-тік мәнін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі сомаға салымды толтыру сәтінен бастап кемінде 6 ай мерзім өткен жағдайда алуға болады. Сонда ғана банк 8,5%-ға (ЖТСМ 8,9%-дан бастап) тең болатын ең жоғары мөлшерлеме бойынша заем береді.
Бағалау көрсеткішінің мәніне қарай аралық тұрғын үй заемдары бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемелері келесі бағдарламалар бойынша қолданылатын болады:
- Банктің нарықтық бағдарламалары – алғашқы немесе екінші нарықтан тұрғын үй алу, жер телімін алу, баспананы жөндеу және жаңғырту, тұрғын үй құрылысы.
- «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы аясында несиелендіру шарттары, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша.
- «Жаңа баспана» (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін).