Министр Мәдиевтің уәдесі мен сапасыз интернетке наразы халық: Бектенов неге шүйлікті?

Сағыныш Сардарова 21 қаз. 2025 11:44

Премьер-министр Олжас Бектенов байланыс және интернет инфрақұрылымына жүктеме күрт артуына қатысты мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Үкімет отырысында Олжас Бектенов интернет сапасына қатысты мәселе барын айтты.

"Тұрақты интернет бүгінде игіліктен бөлек, халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды. Сонымен қатар, жол бойында мобильді байланыс тұрақсыз, ауылды жерлерде интернет өте баяу, тіпті қалалардың өзінде ауқымды іс-шаралар барысында интернет сапасы нашарлап кетеді деген сыңайда арыз-шағымдар азаймай отыр", - деді премьер-министр.
Осыған байланысты Олжас Бектенов Жасанды интеллект министрлігіне осындай үлкен шаралар кезінде байланыс және интернет инфрақұрылымына жүктеме күрт артуына қатысты мәселені операторлармен бірге мұқият пысықтауды тапсырды.
 
Ал бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев "2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады", - деп сендірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар