Министр Мәдиев 2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады деп сендірді

Сағыныш Сардарова 21 қаз. 2025 09:52

2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Шенеуніктің айтуынша, кейінгі үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден аса инвестиция бағытталған. Бұл елдегі интернеттің орташа жылдамдығын 94 Мбит/с дейін арттыруға мүмкіндік берген.

"Саланы дамыту 2024–2027 жылдарға арналған "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады", - деді Жаслан Мәдиев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар