Францияның экс-президенті Николя Саркози жазасын өтей бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, биыл 25 қыркүйекте Париж соты оны бес жылға соттады.
Николя Саркози 2007 жылғы сайлау науқаны кезінде Ливия басшысы Муаммар Каддафиден қаржы алғаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл іс он жылдан аса уақыт тергелген.
Ол сот үкімін "қате әрі Франция үшін қорлайтын шешім" деп атап, апелляцияға берген болатын. Десе де бүгін, 21 қазаннан бастап, 70 жастағы саясаткер жазасын өтей бастады. Оны жеке камераға қамау жоспарланған.