Freedom Inside '26

Тағы бір резонанс: 15 жастағы оқушы 71 жастағы көршісінен бала босанғаны туралы ақпарат тарады

Тағы бір резонанс: 15 жастағы оқушы 71 жастағы көршісінен бала босанғаны туралы ақпарат тарады
Hola News кадры

Түркістан облысында 15 жастағы оқушы жүкті болып, бала босанғаны жайлы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған деректерге қарағанда, күдікті – жәбірленушінің 71 жастағы көршісі, кей нұсқада оның туысы делінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қыз биыл ақпанда босанғаны белгілі болды. Ал жақында полицейлер күдіктіні ұстаған. Ауыл тұрғындары бұл жағдайға наразы болып, күдіктінің отбасынан елді мекеннен кетуді талап еткен. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Облыстық полиция департаменті күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатыр", – деді Түркістан облыстық ПД өкілі.