Жапония тарихында алғаш рет әйел премьер-министр тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жапония парламенті Либерал-демократиялық партияның жетекшісі Санаэ Такаитиді елдің жаңа премьер-министрі етіп сайлады. Осылайша ол Жапония тарихында бұл қызметті атқарған тұңғыш әйел атанды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, Такаите 237 депутаттың қолдауына ие болды, ал оның қарсыласы - Конституциялық-демократиялық партия лидері Ёсихико Нода - 149 дауыс жинады.