Таразда "Жасыл ел – Тараз" ұйымының 40 қызметкері жұмысқа шығудан бас тартып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жол тазалығына жауапты учаске меңгерушісі А.Арыстанова қызмет бабындағы заңбұзушылық үшін тексеріліп жатыр. Ал әріптестері бұл шешіммен келіспей, оны қызметтен босатпауын талап еткен.
Наразы жұмысшылармен әкім орынбасары Нұрсұлтан Исабеков пен ұйым басшысы Ғалымжан Қайназаров кездесіп, шешім тексеріс аяқталған соң қабылданатынын айтқан.
Әкімдік мәлімдеуінше, "Жасыл ел – Тараз" бұрын да жұмыс сапасына байланысты ескерту алған. Биыл жаңа басшылық келген соң қаржы құжаттарынан заңсыздықтар анықталып, іс құқық қорғау органдарына берілген.