Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы "AsiaMax" ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл компания Әбіш Кекілбаев көшесінде кәріз жүйесі желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген.
"Лицензияның күшін жоюға жұмыс кестесі созылуы ғана емес, тұрғындардың наразылығын туғызған өрескел қателер де себеп болды: жобалық шешімдер ауытқыған; құрылыс барысында мемлекеттік нормалар сақталмаған", - деді әкімдік өкілдері.
Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде нұсқау беріліп, компания лицензиясынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандардың құрылысына, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қатысып жүрген мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен кеңес өткізіп, қатаң ескерту жасады.