2025 жылғы 21 қазанда Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба мен оның кабинеті жаңа үкімет басшысын сайлау қарсаңында отставкаға кетті деп хабарлайды Dalanews.kz.NHK агенттігіне сілтеме жасап.
21 қазан күні Жапония парламентінің төменгі палатасында жаңа премьер- министрді сайлау өтеді. Дауыс беру қарсаңында Жапонияның Либерал-демократиялық партиясы «Жапонияны жаңарту қоғамы» партиясымен коалиция құру туралы келісімге келді. Бұл альянс қазіргі жетекшісі Санаэ Такаитидің кандидатурасын қолдау үшін қажет көпшілікті қамтамасыз етті.
Егер ол сайланса, Такаити ел тарихындағы алғашқы әйел премьер- министр болмақ.
64 жастағы Санаэ Такаити 2025 жылы партияның ең тәжірибелі саясаткерлерінің бірі ретінде партия жетекшісі болып сайланды. Ол пацифистік Конституцияны қайта қарауды және армияны күшейтуді қолдайды.
Такаити алғашқы министрлік қызметін 2006 жылы алды. Ол бірден бірнеше лауазымға тағайындалды: ғылым және технологиялар саясаты жөніндегі министр, инновациялар министрі, жастар істері және гендерлік теңдік жөніндегі министр, азық- түлік қауіпсіздігі министр, сондай- ақ Окинава және Солтүстік территориялар істері жөніндегі министр.