“Қайрат” - “Пафос” футбол матчына тегін кіруге болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бірақ оның бір шарты бар. Матчты тегін көрушілер арнайы дресс кодпен келуі керек: яғни қара киім мен "Қайрат" шарфы.
«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасында екінші ойынын өткізеді.
21 қазан, сейсенбі күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші үй матчына шығады.
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Үшінші турдың матчы қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Ойынның ресми тікелей эфирін республикалық «Qazaqstan» телеарнасы, сондай-ақ «Кинопоиск» онлайн-кинотеатры (сайт және мобильді қосымша арқылы) жүргізеді.
Алматылықтар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне Қазақстан Премьер-лигасында жеңімпаз атануының арқасында жолдама алған болатын. Өткен жылы «Қайрат» ел чемпионы атанып, бұл атақты төртінші рет иеленді.