Энергия тапшылығымен күрестің шешімі АЭС пе?

Dalanews 02 мау. 2024 19:05 3821

2030 жылға қарай энергия тапшылығы 6 ГВт-қа жуықтайды. Бұл тақырыпты Мемлекет басшысы Алматыда ғалымдармен кездескен кезде қозғады. Президенттің айтуынша, тапшылықтың кесірінен экономиканың өсу қарқыны әлсіреп, жүйелі дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Соның бір шешімі ретінде Тоқаев атом энергетикасын атап өтті.

«Еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерін де өзі өндіреді. Бұл біздің бәсекеге қабілетті екенімізді көрсетеді. Мұны пайдалану керек. Дегенмен бұл мәселені жан-жақты талқылап, кәсіби ортада дискуссия жасау керек. Бірақ шу шығармай, популизмсіз істеген дұрыс» дейді Мемлекет басшысы.

@NRG_monitor бұл туралы былай дейді: "АЭС құрылысына қатысты шешімді халыққа артып қойды. Ал негізі мұнымен халық та, президент те емес, Үкімет айналысуға тиіс! Енді референдумда таксистер мен популистер ҚАРСЫМЫЗ деп дауыс береді де, сөйтіп көршілерден электр энергиясын үш есе қымбатқа сатып алып отырамыз. Елдегі энергия жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін бізге АЭС аса қажет. Түсініктірек болуы үшін былай айтайық: АЭС электр энергиясының бір бірлігінің генерациясы қалпына келетін қуат көздеріне қарағанда 3 есе көп. Ал нысандардың қанша жыл тұратынына келсек, қалпына келетін қуат көздерінің объектілері — 20-25 жылға, АЭС нысандары 60-80 жылға дейін жарамды. Одан қала берді АЭС-те станцияны утилизациялауға болады. Қалпына келетін қуат көздерінің станцияларын олай жасай алмаймыз. Сонда оларды қайда жібереміз?".    


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар