«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы қажылыққа кетті

Көркем Алдабергенова 06 қар. 2025 18:32

«Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сәуле Рабаева қасиетті қажылық сапарына жол тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Меккеде түскен суреттері мен видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп, қуанышты сәтін көпшілікпен бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған болатын. Бұл ерекше сыйлық оған Алматыда өткен салтанатты шараның бірінде табыс етілген еді. Сол кеште қақпашы мен анасы құрметті қонақтар қатарында болып, қасиетті сапарға арналған сертификатқа ие болған.

Талантты спортшы бұған дейін де бірнеше мәрте жұрт назарын аударған. Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи кездесуден кейін кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed көлігін сыйға тартқан. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын ұсынған болатын.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар