Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында 22 жастағы келіншек өгей қайын атасынан «зорлық көрдім» деп шағым түсірді. Оқиға келін мен қайын атасы бірге тұратын үйде болған деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.
Ресми мәліметке сүйенсек, шағым 29 қазан күні түскен. 22 жастағы келіншек оқиғаны полицияға өзі баяндаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі жан-жақты, әрі бейтарап тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай жәбір көрген келіншектің екі баласы бар. Балалардың үлкені 3 жаста. Кішісі қырқынан енді ғана шыққан.
Оқиғаның үйде күйеуі жоқ кезде болғаны айтылады. Қазір келіншекке психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Күдікті – 53 жастағы енесінің күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейіннен екінші рет тұрмыс құрған. Яғни, келіншектің туған қайын атасы емес. Бірақ сол үйге келін болып түскен. Бәрі бірге тұрған.
