Енді Ұлттық қордан да, сырттан да көп ақша ала алмаймыз - сарапшы

Кәмшат Тілеухан 05 ақп. 2025 15:21 481

Дүниежүзілік банк жариялаған "Kazakhstan Economic Update" атты кезекті есебінде елімізде салық реформаларын жүргізу жайына баса назар аударылып, бірқатар сыни пікір білдіріледі. Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасына шолуында "пессимистік" болжамға сүйене отырып, биылғы жылғы, экономикалық өсім, негізінен мұнай өндірісінің ұлғаюы есебінен 4,7%-ды құрайтынын нақтылайды. Дегенмен, ЖІӨ-нің мұндай нақты өсімі өткен жылмен салыстырғанда аздап төмен (4,8%) екенін көрсетіп отыр, деп жазады Dalanews.kz.

"Жалпы, есеп-қисап Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалдың көптеген айқын аспектілерін қамтиды. Соның ішінен біз Үкімет ұсынған бюджеттік-салық жүйесінде реформалар жүргізудің негізін қамтитын бірнеше кестені атап өткіміз келеді. ДБ соңғы онжылдықта Қазақстан салыстырмалы түрде салық мөлшерлемесі жоғары экономикадан мөлшерлемесі төмен салыққа ие экономикаға көшкенін, оның тұрақсыз саясатпен және біркелкі емес экономикалық өсіммен шиеленісе түскенін жазады. Расында, салық түсімдері 2008 жылға дейін тұрақты түрде өскенімен, траектория 2009-2022 жылдар аралығында күрт өзгереді, бұл көбінесе тұрақсыз салық реформалары мен сәйкес келмейтін экономикалық өсімге байланысты. Әсіресе, оның салдары 2020 жылы айқын білінді, бұл кезде салық түсімдері 2000-шы жылдардан бастап ЖІӨ-нің 14,1%-на дейін төмендеді, тіпті табысы жоғары елдер COVID-19 кезінде экономикалық күйзеліске қарамастан бұдан да тұрақты табысқа ие болған еді. Мұндай секіріс кіріс базасына нұқсан келтірді. Бұл салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарға байланысты ЖІӨ-дегі ҚҚС салымына да, өте жоғары деңгейдегі шекке де қатысты", деп жазады Tengenomika арнасының авторы Ғалымжан Айтқазин.

Ол акциздерге қатысты жағдай да осыған ұқсас екенін айтады.

"Екінші жағынан, инфрақұрылымдағы мұндай алшақтық "орташа табыс тұзағынан" шығып,  өсімді ынталандыру үшін қажетті мемлекеттік инвестицияларды ұлғайтуды талап етеді. 2015-2023 жылдары инфрақұрылымдардағы орташа мемлекеттік инвестициялардың үлесі 2007-2014 жылдардағы 5%-дан 3%-ға дейін төмендеді. Ауқымды экономикалық деректер инфрақұрылымдық инвестициялардың өндіріс шығындарын төмендетуге, өнімділікті арттыруға және өсімді ынталандыруға трансформациялық әсерін көрсетеді. Қазақстанның 2029 жылға дейінгі инфрақұрылымын дамытудың Ұлттық жоспары 80 млрд доллар көлемінде мемлекеттік ресурстарды талап ететін энергетикалық, көліктік, цифрлық және су инфрақұрылымындағы жобаларға арналған Жол картасына сүйене отырып, осы миссияның өзектілігін танытады", - дейді ол.

Осылай деген экономист мемлекеттің таза қаржылық активтер динамикасын қамтыған кестедегі деректер болашақта экономиканың тұрақтылығына нұқсан келтірместен Ұлттық қордан ақша алу немесе мемлекеттік қарызды ұлғайту мүмкін еместігін көрсетіп отырғанын нығырлап жеткізеді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар