Бір айдан кейін 1 АҚШ доллары 524,1 теңге болады дейді ме - ҚҚҚ сауалнамасы

Кәмшат Тілеухан 11 жел. 2024 10:12 312

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) қаржы нарығына қатысушылар мен сарапшылар арасында жүргізетін ай сайынғы сауалнамасының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, мұнай өндірісі көлемінің қысқаруы әрі бағаның төмендеуі және жоғары пайыздық мөлшерлемелер салдарынан іскерлік белсенділіктің баяулауы салдарынан 2025 жылы ЖІӨ өсімінің тежелетіні болжанады, деп жазады Dalanews.kz.

2025 жылы 1 АҚШ доллары - 524,1-545,2 теңге

"Қаржы нарығы сарапшыларының ұлттық валюта бағамына қатысты күтілетін болжамды қарашада айында теңгенің әлсіреуі аясында айтарлықтай нашарлатты (+5%): бір айдан кейін, яғни 2025 жылдың басында теңгеге шаққандағы 1 АҚШ доллары 524,1 теңге (қазір - 513,62 теңге) болуы мүмкін деп болжанады. Сонымен қатар, алдағы 12 ай бойында теңгенің нығаю үрдісі  күтілмейді, керісінше ұлттық валютаға шаққанда доллар 6%-ға нығайып, жыл бойында 545,2 теңгеге дейін жетуі мүмкін", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сауалнама нәтижесіне сүйене отырып.

Бір айта кетерлігі, аталған сауалнама желтоқсан айының басында өткізілгендіктен, сарапшылардың пікіріне қараша айындағы валюта нарығында болған жағдай әсер етуі мүмкін екені де ескертіледі. 

Мұнайдың бір баррелінің бағамы 71,7 долларға дейін төмендеуі мүмкін

"Ресей рублінің ішкі факторлары мен құбылмалылығынан бөлек, алдағы жылы теңгеге мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі кері әсер етуі мүмкін: бір жылдан кейін АҚШ-та мұнай өндірісінің ұлғаюы салдарынан Қытай мен Еуропаның шикізатқа деген сұранысының төмендеуіне байланысты "қара алтынның" бір баррелі 71,7 доллар (77,4 - ай бұрын) деңгейінде  болады деп күтіледі. Сондай-ақ, 2025 жылы ОПЕК+ елдері (мұнай өндірісі көлемін ерікті қысқарту және өтемақы жоспары) алдында қабылдаған міндеттемелері шеңберінде ҚР-да мұнай өндірісінің көлемі қысқартылуы мүмкін".

Қаңтар айында базалық мөлшерлеме тағы көтеріледі ме?

"Қараша айындағы отырыста базалық мөлшерлемені бірден 100 б.т-ға арттырып, 15,25%-ға дейін көтеру ақша айырбас бағамын тұрақтандыру және бағаның өсімін тежеу бойынша қабылданған шаралардың бірі болды. Осыған қарамастан, сауалнамаға қатысқан қаржы нарығы сарапшылары қаңтар айында базалық мөлшерлеме тағы жоғарылайды деп болжайды: 55%-ы - ағымдағы деңгейі сақталады десе, 25%-ы 25-100 б.т-ға төмендейді, ал  20%-ы - 25-75 б.т-ға жоғарылайды деп санайды. Импортталатын инфляцияның елдегі бағаның өсуі, мұнай бағасының және ұлттық валюта бағамының қайта төмендетуі мүмкін.  Осының аясында инфляциялық күтілетін болжам өсімді көрсетеді: бір жылдан кейін инфляция 9,5% -ды құрауы ықтимал. Бұл елдегі қатаң монетарлық шарттардың ұзаққа сақтауды талап етуі мүмкін: бір жылда базалық мөлшерлеме 14,25% (бір ай бұрын 13,0%) деңгейінде қалыптасады деп болжанады".

Бір жылда инфляция бір ай бұрынғы болжамдағы 8,4%-дың орнына 9,5%-ға жетуі мүмкін.

Мұнай өндірісі көлемінің қысқаруы, оның бағасының төмендеуі және жоғары пайыздық мөлшерлемелер салдарынан іскерлік белсенділіктің баяулауы 2025 жылы ЖІӨ өсімі қарқынына теріс әсер етуі мүмкін: 2025 жылдың аяғында ЖІӨ өсімі Ұлттық банктің 4,5–5,5% және Ұлттық экономика министрлігінің 5,6% болжамымен салыстырғанда 4,4% болады деп күтіледі.

Бұған дейін Ұлттық банктің 2024 жылдың қараша айындағы Ақша-кредит саясаты туралы кезекті құжатты жариялады.Мұнда ел экономикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері нашарлау тұрғысында қайта қарастырылған. Мәселен, ондағы пессимистік сценарий болжамына сәйкес, мұнайдың бір баррелінің құны 2025 жылы 50 доллар болуы ықтимал. Сондай-ақ Bank of America мұнай бағасының 65 долларға дейін төмендейтінін болжады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар