Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтары жоғары деңгейде қорғалады

Жарбол Кентұлы 10 жел. 2024 11:00 475

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 555 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары қолға алынып, шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналды. Кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын сақтау бойынша шаралар қабылданды: қауіпсіз еңбек жағдайларына қойылатын талаптар күшейтіліп, жазасын өтеп жатқан адамдарға реинтеграциялау шаралары қарастырылды.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының өмірін жақсарту үшін жаңа әлеуметтік бастамалар енгізілді. Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылдың шілдесінен бастап мүгедектер цифрлық платформа арқылы заманауи қызметтерге қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, мүгедектердің құқықтарының сақталуын және оларға көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалайтын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру инспекторлары жұмыс істейді. Мектептердің 86%-дан астамы қазірдің өзінде инклюзивті білім беруге бейімделген және бұл сан өсуде. Елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдейтін мыңдаған мамандар мен кеңес беру орталықтары бар.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың құқықтарын қалпына келтірумен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасаумен айналысатын Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ елімізде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен, инвестициялық омбудсмен, банк және сақтандыру омбудсмені бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар