Қазақстанда ұлттық үлгідегі тектерге көшу үрдісі күшейген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа картада 2021 жылы дүниеге келген қазақ балалары арасында "-ов", "-ев", "-ин" нұсқаларымен аяқталатын тектердің үлесі көрсетілген.
Зерттеу нәтижесі өңірлер арасында айқын айырмашылық бар екенін көрсеткен. Қазақстанның оңтүстік, батыс және орталық бөліктерінде мұндай тектерді алған нәрестелердің үлесі 20-30 пайыздан төмендеген.
Мамандардың пікірінше, бұл жас буын ұлттық үлгідегі тектерге жаппай көше бастағанын аңғартады.
Бұл үрдіс, әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында анық байқалады. Ал елдің солтүстік өңірлерінде ұлттық үлгідегі тектерге көшу процесі әлі де белсенді жалғасып жатыр.