Танымал боксшы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Спортшы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы болды. Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды.
Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.
Ол – 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған спортшы, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы.