Ауылдағы медициналық көмек көрсету пункттері ауыл халқының денсаулығын нығайтуда

Қуаныш Ермекова 18 қыр. 2024 21:32 3141

Елімізде ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі десек болады. Бұл бағытта Үкімет бірнеше маңызды қадамдар жасап, ауыл халқының сапалы медециналық қызметке қолжетімділігін арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізгенін білеміз. Жалып ауыл медицинасын дамыту жолындағы жұмыстар ешқашан тоастамайтыны анық. Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асыруға бағытталған, әрі әр облыстағы өзекті қажеттіліктерге сәйкес бейімделгенін айта кетуміз керек.

Бүгінде ауылдық жердегі медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерінің маңызы қандай, мұндай пункттер қандай мәселелерді шешеді. Қазір ауылда медицина мамандары жеткілікті ме? Бұл сұрақтар әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ десек болады. Қазір ауылдық жерлердегі медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері – ауыл тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесінің негізі болуда. Мұндай шағын пункттер ауыл азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарып, күрделі мәселелерді шешуге көмектесіп келеді.

Ауылдық жерлерде аурухана немесе емхана жоқ жағдайда, медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері тұрғындарға жақын орналасқан алғашқы медициналық мекеме ретінде қызмет көрсетіп келеді. Медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері ауыл тұрғындарының кез келген ауру түрінде алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл жағдайларда алғашқы ем-дом жүргізуді ойдағыдай атқарып келеді. Бүгінде шағын ауылды жерде аурухана ұстау мүмкін емес.

Ал медициналық пункттер халыққа алғашқы медицианалық көмекті көрсетіп, бұдан басқа жүрек талмасы, жарақаттар, аллергиялық реакциялар және жүктілік жағдайлары кезінде дереу көмек көрсетіп, ел азаматтарының өмірін сақтап, ауыл азаматтарының денсауылғын нығаутуға өз үлесін қосып келеді.

Бүгінде медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері қызметкерлері ауыл тұрғындарын тұрақты тексерістерден өткізіп, профилактикалық шараларды да дер кезінде жүргізіп келе жатқанын айта кетуіміз келеді. Жыл сайын ауыл тұрғындары арасында инфекциялық ауруларға қарсы вакциналау, қан қысымын, қант деңгейін тексеру сияқты шараларды медициналық пункттің мамандары тиісті деңгейде атқарып келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар ауруларды ерте бастан анықтауғ мүмкіндік беріп, ауыл тұрғындардың денсаулығын бақылауда ұстауға жол ашып отыр. Ауыл тұрғындары үшін жыл сайынғы медициналық тексерістер олардың денсаулығының деңгейін анықтап, ауыр салдардан сақтандыруға көмектесетіні белгілі.

Ауыл тұрғындарына созылмалы, жұқпалы ауруларды емдеу үшін дәрігерлік көмек көрсету ісін медициналық пункттің қызметкерлері жүзеге асыруда. Олар жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірге жұмыс істеп, қауіпті аурулардың алдын алу шараларын жүргізеді. Аурулардың асқынуын болдырмау және алдын ала анықтау мәселелерін шешу арқылы денсаулық сақтау шығындарын азайтуға көмектеседі.

Орталықтан шалғайда жатқан ауыл-аудандарда көп жылдан бері медицина мамандарының жетіспеушілігі өзекті күйінде қалып келе жатқаны жасырын емес. Осы ретте үкімет осы бір өзекті мәселені «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арықылы шешуге тырысып келеді. Бұл бағдарлама кейбір жерде өз жемісін берсе, келсі басқа бір жерде мәслені толық шеше алмай жатыр. Әсіресе шалғай ауылдарда, дәрігерлер мен орта медициналық персонал жеткіліксіз күйінде қалып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің Солтүстік Қазақстан, Қостанай, және Маңғыстау облыстарында медициналық кадрлардың жетіспеушілігі әлі күнге дейін өзекті болып отырғанын алға тартқан болатын. Айталық, ауылдық жерлерде, әсіресе терапевттер, педиатрлар мен акушер-гинекологтар секілді мамандарға сұраныс жоғары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар